Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Жапониядан озып кетті

Автор: Асыл Арман

Жаңартылған рейтинг жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан 2025 жылдың екінші жартыжылдығында мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша жаһандық рейтингте өз позициясын жақсартты. Ел екі саты жоғарылап, 45-орынға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Speedtest Global Index қызметі мобильді интернет пен фиксирленген кеңжолақты байланыс жылдамдығы бойынша елдер мен қалалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан екінші жартыжылдықта 94,54 Мбит/с орташа жүктеу жылдамдығымен 45-орынға көтерілді. Ал бұл рейтингте Жапония 64-орында тұр (53,54 Мбит/с).

Қалалар рейтингі бойынша да Астана мен Алматы жоғары көрсеткіш көрсетті:

  • Астана – 62-орын, 132,13 Мбит/с;
  • Алматы – 63-орын, 130,72 Мбит/с.
  • Токио 94-орында орналасқан.

Кеңжолақты интернет бойынша Қазақстан 89-орында, орташа жылдамдық – 82,47 Мбит/с.

Мобильді интернеттің көшбасшылары:

  • БАӘ – 652,87 Мбит/с;
  • Қатар – 515,23 Мбит/с;
  • Кувейт – 384,40 Мбит/с.
  • Ең төмен көрсеткіш Боливияда – 13,96 Мбит/с.