«Атырау – Алматы» пойызы енді келер айдан бастап күн сайын қатынайды

Автор: Асыл Арман

Билеттерді қалай алуға болатыны белгілі болды

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың 14 желтоқсанынан бастап №41/42 «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызы күн сайын жүретін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл шешім елдің батыс және оңтүстік өңірлері арасындағы көлік байланысын күшейтуге, сондай-ақ қыс мезгілінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған», – делінген хабарламада.

700-ге жуық жолаушыға арналған жаңартылған вагондар

Маршрут құрамында 15-тен астам жаңартылған купе және плацкарт вагондары бар. Осылайша, пойыз бір рейсте шамамен 700 жолаушыны тасымалдай алады.

Билеттерді қайдан алуға болады: сайт, касса және теміржол сервистері

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе барлық теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады.

Толық ақпарат алу үшін 1433 байланыс нөміріне хабарласуға болады. Ал пойыздардың өзекті қозғалысын tablo-railways.kz сайтындағы онлайн табло арқылы бақылауға мүмкіндік бар.