Қазіргі уақытта ақпарат таратқан адамды іздеу жүріп жатыр
Әлеуметтік желіде Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасамақшы деген ақпарат тарап жатыр. Облыстық Полиция департаменті осыған қатысты шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бағытында жедел іс-шаралар қабылданды. Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
«Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді: мектептерде бейнебақылау жүйелерінің жұмысы күшейтіліп, оқу орындары маңында полиция жасақтарының саны артты.
Азаматтарды жалған мәліметтерге сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырамыз», – делінген облыстық ПД хабарламасында.