Жұмыссыз қалған адам соңғы 24 айдағы табысының көлеміне байланысты алты ай жәрдемақы ала алады
2025 жылғы 1 қарашада мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты төлем алғандардың саны 308,4 мың адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ішінде 268,6 мың азаматқа биыл алғаш рет төлем тағайындалған. Жалпы аударылған қаражат көлемі 106,8 млрд теңгені құрады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1–6 айға дейін әлеуметтік төлем ала алады. Төлем мөлшері жоғалған табыстың 45%-ына дейін жетеді және МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыстан босатылған азамат төлемді рәсімдеу үшін: