49 жастағы ер адам алған жарақатынан ауруханада көз жұмды
14 қарашада Петропавлда Kia Rio маркалы көліктің жүргізушісі 49 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Оқиға орнынан алынған мәлімет бойынша, ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген, дәрігерлер бірнеше сағат бойы оның өмірі үшін күрескенімен, жарақат салдарынан көз жұмды.
Полиция дерегінше, көлік тізгінінде 75 жастағы ер адам болған. Куәгерлердің айтуынша, қарт жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткеннен кейін оқиға орнынан кетіп қалған.
Департаменттің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тіркеу басталды.
«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.