Өрт станцияға таралмай дер кезінде тоқтатылды
Атырау облысының Доссор ауылында орналасқан жанармай құю бекетінің аумағында автобус өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға туралы ақпарат 112 қызметіне түскен бойда, құтқару бөлімшелері шұғыл түрде оқиға орнына жіберілген.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалынның жанармай құю станциясына таралу қаупі болмаған.
ТЖМ өртті аз уақыт ішінде толық сөндіргенін мәлімдеді.
Министрлік таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.