Мұндағы ең басты жәдігер – Осман Құраны
Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттерге орталық ислам өркениетінің бір бөлшегі саналатын Өзбекстанның бай мәдени-рухани мұрасын терең зерттеу және насихаттау мақсатында құрылғаны жөнінде баяндалды.
«Мұндағы ең басты жәдігер – Осман Құраны. Ал оның жан-жағында Құран сүрелерінің санына сәйкес 114 ежелгі кітап қойылады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиёев, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон барды.