Оның неден көз жұмғаны әзірге белгісіз
Өскемен қаласында көшеден ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
13 қараша күні таңертең өтіп бара жатқан тұрғындар Қайсенов көшесі, 117 мекенжайының маңында автокөліктердің арасында жерде жатқан ер адамды көрген. Оның денесінде тірі адамның белгілері болмаған.
Куәгерлер оның жол апатының құрбаны болуы мүмкін деп болжаған.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі расталған жоқ», - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның нақты өлім себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.