Қазақстанда теңге нығайып келеді

Автор: Асыл Арман

KASE саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 524,32 теңге болды

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 524,32 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,26 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 13 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар = 524,65 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 524,16 теңгеден сатып алып, 526 теңгеден сатады.

Астанада долларды орта есеппен 521,66 теңгеден сатып алып, 528,66 теңгеден сатады.

Шымкентте айырбастау пункттері долларды 524,3 теңгеден қабылдап, 526,34 теңгеден сатады.