Алматыда 16 қарашада биылғы маусымның финалдық жүгіру жарысы ұйымдастырылады. Оған 20 елден келген 2500 жүгіруші қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарыс күні кейбір жол учаскелерінде қозғалыс жабық немесе шектеулі болады:
15-16 қараша:
- 15 қараша сағат 04:00-ден 16 қараша сағат 12:00-ге дейін – Төле би көшесі, Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін.
16 қараша:
- 08:00-10:00 – Төле би көшесі, Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін (балама жол – Мақатаев көшесі, екі бағытта);
- 08:00-10:00 – Наурызбай батыр көшесі, Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін;
- 08:00-09:35 – Бөгенбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
- 08:00-09:15 – Қабанбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
- 08:00-08:55 – Шевченко көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
- 08:00-08:35 – Құрманғазы көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін.
Жарыс барысында спортшылар трассаны өткен сайын жолдар қайта ашылады.