Ол жердегі 10 жатақхана жабылды
Алматыда «Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын жою» жобасы аясында прокуратура 1,7 гектар жердің заңсыз сатылуын әшкерелеп, 300 млн теңгеден астам залалдың алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын жою» жобасы аясында қала прокуратурасы Ақсай-1А шағынауданының тұрғындарының «Школьник» тұрғын үй кооперативінің әрекеттеріне қатысты шағымдары бойынша кешенді шаралар қабылдады.
Прокуратураның мәліметінше, 2014 жылы кооператив төрағасы үйлер жанындағы 1,7 гектар жер учаскесін заңсыз бөліп, оның бірнеше бөлігін үлестес тұлғаларға сатқаны анықталды. Заңсыз сатылған учаскілердің құны 300 млн теңгеден асады.
Аталған мән-жай бойынша аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі туралы қылмыстық іс тіркелді, жер қолданысына шектеу қойылды, кооператив қызметіне аудит жүргізілуде.
Сонымен қатар, басқа да бұзушылықтар анықталды: заңсыз жертөле жатақханалары, антисанитария, коммуналдық желілерге өз бетінше қосылу.
Мемлекеттік органдармен бірлесіп:
«Қабылданған шаралар қылмыстың санын 50%, қоғамдық тәртіпке қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтар санын 70% төмендетуге мүмкіндік берді. Осылайша, шағынауданның 15 мың тұрғынының құқықтары қорғалды.
Тұрғындар әділдікті қалпына келтіргені үшін алғыстарын білдіріп келуде.
Жобаның іске асырылуы бүкіл қала бойынша жалғасады.
Алматы қаласының прокуратурасы. Заң мен тәртіп – азаматтардың құқықтарын қорғауда», – делінген прокуратура хабарламасында.