Балқашта балық аулап отырған «балықшылар» күтпеген жағдайға тап болды

Автор: Асыл Арман

Олар 250 келіден аса балықты тормен ұстаған

Фото: Қарағанды облысы ПД

Балқаш көлінде тормен балық аулап отырған браконьерлер күтпеген жерден істі болды. Оларды полиция қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық табиғатты қорғау полициясы Балқаш көлінде ірі көлемдегі заңсыз балық аулауды тоқтатты. Моторлы қайықта Жетісу және Талдықорған тұрғындары ұсталды.

«Тексеру барысында 252,3 кг балық (көксерке, ақтабан, табан, жая, жайын, сазан) және 2500 метрлік ау тәркіленді. Табиғатқа келтірілген залал – 1 200 793 теңге.

Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.