Volkswagen Passat пен Lexus маркалы көліктер соқтығысты
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған жеңіл көлік қатты соққыдан екіге бөлініп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
11 қараша күні сағат шамамен 17:00-де «Осакаровка – Нұра» автожолының 40-шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Volkswagen Passat пен Lexus маркалы көліктер соқтығысты. Соның салдарынан соққының күшті болғаны соншалық Volkswagen көлігі екіге айырылып кеткен.
Апаттың ауқымына қарамастан, ешкім зардап шеккен жоқ.
Полицияның мәліметінше, жол апаты көктайғақ кезінде болған. Оқиға бойынша тіркеу жүргізіліп, тексеріс басталды.