Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Автор: Асыл Арман

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі Атлант циклонының ойпатымен және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады. Осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

«13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр, ал шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда төменгі бұрқасын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – делінген синоптиктер болжамында.

Ауа температурасының фонында қысқа мерзімді төмендеулер күтіледі:

  • Солтүстікте түнде -5…-12°С, күндіз 0…-6°С;
  • Солтүстік-батыста түнде -2…-10°С, күндіз 0…-5°С;
  • Орталықта түнде -3…-13°С, күндіз -6…+3°С;
  • Шығыста түнде -8…-20°С, күндіз 0…-10°С.

Елдің қалған аумақтарында температурада елеулі өзгерістер күтілмейді.