Президент Ресейге мемлекеттік сапармен барды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағы Ресейдің әуе кеңістігіне енген сәттен бастап әскери ұшақтары қапталдасып ұшты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратыны хабарланған болатын.