Астанада мүгедек балалардың есебінен баюды көздеген алаяқ сотталды

Автор: Асыл Арман

Мүгедектігі бар балалардың есебінен байуды көздеген

Фото: freepik.com/ЖИ арқылы жасалды

Елдің әртүрлі аймақтарынан 5 адамды алдаған алаяқ сотталды. Ол WhatsApp мессенджерінде «Біздің балаларға арбалар» тобы арқылы мүгедектігі бар балаларға арналған кресло-арбаларды сату туралы хабар таратып, ақша алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жәбірленушілер хабарландыруға назар аударып, кресло-арбаларды пошта арқылы жіберуге уәде берген алаяқтың картасына 40-114 мың теңге аралығында ақша аударған.

Кінәні мойындау, шын жүректен өкіну және зиянды өтеу сияқты жеңілдететін мәң-жайларды ескере отырып сот үкімімен ер адамға пробациялық бақылау белгілеп, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.