Ересек ер адам қыз балаға өзімен бірге кету үшін ақша ұсынған
Алматыда ер адам 13 жастағы қыз балаға өзімен бірге баруы үшін ақша ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға Алматыда №50 мектептің маңында болған. Аялдамада ер адам 13 жастағы оқушы қызға өзімен бірге таксиге отырып кетуді ұсынған. Қыз бала бас тартқан кезде, ол 100 мың теңге беремін деген, кейін соманы 300 мың теңгеге дейін көтерген.
Қазіргі уақытта қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеріс бастағанын хабарлады.