«29 бала бар»: Алматыда өртенген жетімдер үйінің балалары қайда баратыны белгілі болды

Автор: Аягөз Құрмаш

 

6 баланы ата-анасы алып кеткен

Фото: gov.kz

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматыдағы өртенген балалар үйінің тәрбиеленушілері жақын арада басқа ғимаратқа ауысатынын жеткізді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Перзент» қайырымдылық қорының балалар үйінде тұрып жатқан балаларды барып көрдім. Кеше бұл ғимаратта өрт болған еді. Балаларды уақытша шипажай ғимаратына орналастырды, жағдайлары жасалған (балаларға ойыншықтар әкелуді сұрадым). Балалар дәл сол кезде түскі ас ішіп жатқан екен. Қазір барлығы 29 бала қалды, себебі 6 баланы ата-аналары алып кеткен. Бірнеше күн ішінде балаларды мектепке жақын орналасқан қордың басқа ғимаратына көшіреді. Өрт шыққан ғимараттағы жөндеу жұмысы шамамен үш айдың ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр», - дейді Динара Зәкиева.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласындағы балалар үйінің аумағында орналасқан асхана ғимаратында өрт шыққаны хабарланған еді.