«Ашық НҚА» порталында жарияланды
Қазақстанда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жеке тұлғаларға – ел резиденттеріне зейнетақы төлемдері түрінде төлейтін табыстарынан жеке табыс салығын (ЖТС) ұстау тәртібін алып тастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Ашық НҚА» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, түзетулер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының мүдделерін қорғау және қолданыстағы нормаларды Салық кодексіне сәйкестендіру мақсатында әзірленген.
«Салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын ұстау алып тасталады», – делінген жобаға түсіндірме жазбада.