Тұман, көктайғақ, боран: Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

Автор: Асыл Арман

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болатынын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, осыған байланысты еліміздің көп өңірінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің солтүстік бөлігінде боран соғып, 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанып отыр. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Күндізгі ауа температурасы:

  • еліміздің батысында +8…+18° жылы;
  • шығысында -5...+5° жылуға дейін;
  • оңтүстікте +10…+18° жылы;
  • солтүстік-батыста +2…+13° жылудан -5…-10° суыққа дейін төмендейді,
  • солтүстікте +0…+5° жылудан -2…-7° суыққа дейін,
  • орталықта +0…+8° жылудан –8…–3° суыққа дейін,
  • оңтүстік-шығыста +5…+15° жылы,
  • таулы аймақтарда +0…+5° жылудан -5…-10° суыққа дейін.