Сапар аясында маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.
«Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр», – делінген Ақорданың хабарламасында.