Синоптиктердің мәліметі жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 10 қарашада, еліміздің үш қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс ауа райы жағдайларының үйлесуімен байланысты, соның салдарынан зиянды қоспалар жерге жақын қабатта жиналып, таралмай қалады.
«2025 жылдың 10 қарашасында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау мен Алматы қалаларында, күндіз Жезқазғанда күтіледі», — деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар:
Мұндай жағдайлар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың ауада шоғырлануына себеп болады. Нәтижесінде ауаның сапасы уақытша төмендеп, әсіресе тығыз қоныстанған немесе өндіріс орындары шоғырланған аймақтарда жағымсыз экологиялық жағдай қалыптасады.