«Құтқарушылар оқиға орнына келген жоқ»: ТЖМ желідегі ақпаратты жоққа шығарды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқыс оқиға Астана қаласында болды

Фото: t.me/astanovka98

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанада болған оқыс оқиғаға байланысты «ТЖ қызметі оқиға орнына келген жоқ» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметінше, 8 қараша күні «112» қызметінің пультіне жедел медициналық жәрдем станциясынан Алматы ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының құлағаны туралы хабарлама түсті.

Хабар түскен бойда оқиға орнына Астана құтқарушылары жедел жетті.

Оқиға орнында анықталғандай, үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкеннің кіреберіс бөлігі маңында шамамен 150 шаршы метр аумақта қаптама мен кондиционер қондырғысы құлаған.

«Құтқарушылар үйінді астынан зардап шеккендерді шығарып, бөлшектеу және апаттық-қалпына келтіру жұмысын жүргізді, сондай-ақ қасбет элементтерінің одан әрі құлау қаупін жойды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.