Құтқарушылар 2017 және 2023 жылы туған балаларды аман-есен шығарды
Абай облысының ТЖД «112» қызметіне Семей қаласындағы бір пәтерде кішкентай балалар қамалып қалды деген хабарлама түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, анасы дүкенге аз уақытқа шығып кеткен, алайда үйге қайтып оралғанда кілтін жоғалтып, есікті аша алмаған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен есікті ашып, үй ішіне кірген.
Пәтер ішінде 2017 және 2023 жылы туған екі бала болған.
«Бақытымызға орай, олардың жағдайы жақсы, ешқайсысы зардап шекпеген», – деді ТЖД өкілдері.
Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды үйде жалғыз қалдырмау, әсіресе есікті сыртынан жабу қаупіне назар аудару қажеттігін ескертті.
«Бірнеше минутқа болса да, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Кішкентай балалардың қауіпсіздігі – ата-ананың жауапкершілігінде», – делінген хабарламада.