Ол Афинада өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды
Сербиялық теннисші Новак Джокович Афинада өткен ATP 250 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған спортшы финалда әлемнің тоғызыншы ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен кездескен. Матч үш сетке созылып, екі сағат 59 минутқа жалғасты. Нәтижесінде, Джокович қарсыласын 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңді.
Осылайша сербиялық теннисші карьерасында ATP деңгейіндегі бас-аяғы 101-ші титулын жеңіп алды. Бұл көрсеткіш бойынша ол америкалық Джимми Коннорсқа (109) және швейцариялық Роджер Федерерге (103) ғана жол беріп тұр.