Алматы облысының әкімі Алатау қаласын дамыту тұжырымдамасын талқылады
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Harry Dobbs Design Ltd және «Caspian Group» АҚ компанияларының өкілдерімен кездесу өткізгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс басшысының мәліметінше, кездесу барысында Алатау қаласын дамытуға бағытталған тұжырымдамалық шешімдер таныстырылып, жаңа қаланың сәулеттік және инфрақұрылымдық жоспарлау бағыттары талқыланды.
«Ашық диалог форматында өзара ұсыныстар мен пікірлер алмасып, болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырдық.
Бұл – жаңа қаланың келбетін қалыптастыру жолындағы маңызды бастама», - деп жазды Марат Сұлтанғазиев.