Павлодарда құрылыста үйінді астында қалған жұмысшы көз жұмды

Автор: Дәулет Ботагөз

Оқиға салынып жатқан мектеп ғимаратында болды

Фото: © istockphoto.com

Павлодарда салынып жатқан мектеп ғимаратында болған апат салдарынан үйінді астында қалған ер адам қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Құтқарушылар ер адамның денесін үйінді астынан тапты

Ведомство мәліметінше, іздестіру жұмыстарына кинологиялық топтар мен құтқарушылар жұмылдырылған. Олар арнайы жылуіздегіш құрылғылар мен апатты-құтқару жабдықтары нпайдаланып, ер адамның нақты орнын анықтаған.

«Түнгі іздеу шараларынан кейін құтқарушылар ер адамның денесін үйінді астынан алып шықты», – делінген Павлодар облысының ТЖД хабарламасында.

Екі адам ауруханаға жеткізілді

Оқиға кезінде тағы екі адам жарақат алып, Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді. Қазір олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Қылмыстық іс қозғалды

Полиция бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабымен іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.