«Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысқан мемлекет басшыларының фотосы жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстан президенті «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты

Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметі «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысқан мемлекет басшыларының фотосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен АҚШ Президентінің бірлескен суреті», - деп жазылған фотоның астында.

Қазақстан президенті «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев С5+1 форматындағы саммит шын мәнінде Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқанына назар аударды. Ол Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында екі ел компаниялары жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасасқанын айтты.

Жалпы, Қазақстан мен АҚШ-тың энергетика, аса маңызды минералдар, өнеркәсіп, көлік, қаржы, жасанды интеллект, білім секілді негізгі салаларды қамтитын экономикалық әлеуеті жарты триллион доллардан асады.

Президент америкалық компанияларды елімізде инвесторлар үшін жасалған оңтайлы жағдайды пайдалануға шақырды. Тіпті, оларға өзі қолдау көрсетінін жеткізді.