Павлодар облысында қайғылы оқиға болды: автобус аударылып кетті

Автор: Алмас Ерсін

Шідерті кентінен 10 км жерде, рейстік автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған

Фото: Павлодар облысының полиция департаменті

Павлодар облысында жолаушылар мінген автобус аударылып, бір жолаушы көз жұмды, тағы алты адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңір полициясына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 7 қараша күні «Павлодар–Қызылорда» автожолында, Шідерті кентінен 10 км жерде, рейстік автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті жол жиегіне аударып алған.

«Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаменті жол апатының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға, көлік құралдарының техникалық жағдайын қадағалауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.