Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді
Синоптиктер 8 қараша күні елорда мен Қазақстанның 15 облысында дабылды ескерту жариялады. Кейбір өңірлерде жаңбыр, қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың шығысында кей жерлерде екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15–20 м/с жел соғады, батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан түнде 15–20 м/с, күндіз солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қарағанды облысында түнде солтүстігінде қар жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында батысы, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Абай облысында батысы, солтүстігі мен орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында түнде солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батыстан және оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Алакөл көлдері маңында екпіні күшейеді.
Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі. Күндіз таулы аймақтарда оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысында оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі.
Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысында солтүстігі мен орталығында тұман болады.