Талдықорғанда су құбырын жөндеп жүрген жұмысшы терең құдыққа құлап кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

ТЖМ қызметкерлері терең құдыққа құлаған адамды құтқарды

Фото: Видеодан скрин

Талдықорған қаласында су құбырын жөндеп жүрген 1991 жылы туған ер адам тереңдіктегі шамамен 14 метр болатын құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері штатив пен арқан-жүйені қолдана отырып төменге түсті, зардап шегушіні зембілге бекітіп, жоғарыға көтеріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

«ТЖМ еске салады құдыққа, шұңқырға сақтандырусыз түспеңіз», – делінген ведомство хабарламасында.