Ол сәбиін қолына алып, перзентханадан шықты
Танымал әнші AYREE мен оның күйеуі, клипмейкер Нұркен Қасымов қуанышты жаңалықты бөлісті – олар жаңа туған қызына есім берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нәресте 1 қарашада дүниеге келді, оған Зере есімі берілді.
Өнерлі жұп әлеуметтік желіде әсерлі видео жариялады: 33 жастағы AYREE үлкен түрлі-түсті раушан гүл шоғын ұстап тұрды, қасында бақытты жұпты құттықтауға келген ең жақын туыстары мен достары болды.
«Бауы берік болсын! Қош келдің балапан!», - деп жазды әнші.