Оның жеке басы жылдам анықталды
Ақтөбеде ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, лифтінің батырмаларына түкіріп кеткен. Оқиға 3 қараша күні кешке болды. Бұл жағдай полиция назарына ілігіп, тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, оның әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық бұзушының жеке басы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Мұндай әрекеттер тұрғындардың жайлылығына және санитарлық қауіпсіздігіне кері әсер етеді», — деп мәлімдеді Ақтөбе облысының Полиция департаментінде.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, өзгелерге құрметпен қарауға және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырды.