Тексеру барысында заңбұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың бірқатар басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының азаматтарды және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қызметін тексерген.
Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық пен кемшіліктер анықталып, олардың негізінде Жоғары аудиторлық палата жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырған», – делінген Жоғары аудиторлық палатаның хабарламасында.
Нәтижесінде мына лауазымды тұлғаларға түрлі тәртіптік жаза қолданылған:
Сонымен қатар, 2024 жылғы 3 шілдедегі бұйрықпен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның өзге де ұсынымдары мен тапсырмаларын орындау жұмыстары жалғасып жатыр.