Қостанайда кәсіпорын басшысы ондаған қызметкерінің жалақысын бермей отырғаны анықталды

Автор: Асыл Арман

Осы үшін кәсіпорын басшысы ірі көлемде айыппұл арқалады

Фото: freepik.com

Қостанай ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында «Қазақ тұлпары» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы төленбегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында облыстық Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Департаментіне талап жолдады.

«Тексеру нәтижесінде қызметкерлердің конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері расталып, департамент жұмыс берушіге 39 қызметкер алдындағы 21,7 млн теңге мөлшеріндегі жалақы қарызын өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама енгізді.

Жіберілген құқық бұзушылықтар үшін кәсіпорын 314 560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлға тартылды», – делінген хабарламада.