Желі қолданушыларына Мейрамбек Бесбаевтың бұл шешімі ұнамай қалды
Әнші Мейрамбек Бесбаев өнердегі інілерінің арасынан кімді өзіне жақын тартатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оны Әбдіжаппар Әлқожа Мейрамбек ағасына сұрақ қою арқылы анықтады. Ойынның ережесі мынадай: екі әртісті қатар қойып, біреуін таңдау керек. Содан кейін таңдап алынған өнерпазды басқасымен салыстырады. Осылайша ойынға қатысушының өзіне жақын адамдары бірте-бірте іріктеле береді.
Мейрамбек Бесбаев ең соңында «Әбдіжаппар Әлқожа ма, Димаш Құдайберген бе?» деп сұрағанда, Әбдіжаппар Әлқожаны таңдады.
Кейбір желі қолданушыларына Мейрамбек Бесбаевтың бұл шешімі ұнамай қалды.
«Димашпен біреуді салыстыру қазаққа ұят болу керек», «Димашты ешкімен салыстырудың қажеті жоқ», «Димаш Құдайберген әрқашан бірінші орында», - деп жазды олар.
Дегенмен әншінің дұрыс таңдау жасағанын айтқандар да аз емес.
«Әдемі таңдау», «Мейрамбек ағамен келісемін», «Әркімнің өз ойы бар ғой. Таңдауы маған ұнады», - дейді оқырман қауым.