Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл жеткізді
Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден озды. Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, 2021 жылы ақынның Рауан Шаханов есімді ұлы қайтыс болған еді. Ал биылғы жылдың сәуірінде бұрынғы әйелі Розалинда Шаханова 74 жасында өмірден өтті.