Камерунда көшкіннен 42 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Камерунның батысында су тасқыны мен толассыз жауған жаңбырдан көшкін жүріп, 42 адам қаза тапты. Олардың 26-сы балалар

Фото: reuters.com

Reuters агенттігінің хабарлауынша, лай ағыны мен қираған ғимараттардың үйінділерінен 42 адамның денесі табылған. Ал су тасқынынан болған сырғыма бір ауылдың 20-ға жуық үйін қиратқан.

Камерун билігі апат орнына құтқарушыларды жіберген. Олар әскери құрылыммен бірге тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр.

Тегтер: