Тұман түсіп, көктайғақ болады: еліміздің қай өңірлерінде дабылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

«Қазгидромет» сәрсенбі, 5 қарашаға жасалған ауа райы болжамын жариялады

Фото: pixabay

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде көктайғақ болып, тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады деп болжап отыр. Дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тараз, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Орал, Түркістан қалаларында және Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады, желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл облысында қатты қар жауады, көктайғақ болып, тұман түседі, жел соғып, өрт қаупі жоғарылайды.

Қостанай қаласында және Қостанай облысында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түседі және желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Петропавлда, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын соғып, желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.