Қазақстанда күніне 200-ге жуық аборт жасалады
Қазақстанда жыл сайын 75 мың аборт жасалады. Осылайша күніне 200-ге жуық аборт жасалады Мемлекет енді әйелдерге арналған «мүшеқапқа» 314 млн теңге бөлетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, соңғы бес жылда елімізде жыл сайын 12 мың жасөспірім қыздың жүктілігі тіркеледі. былтырдың өзінде 1600-ден астам жасөспірім ана атанса, тағы 257 қыз баласы жүктілікті тоқтату туралы шешім қабылдаған.
7 қазанда өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл шара жоспарланбаған жүктілік пен аборт санын азайтуға көмектесетінін атап өтті.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 12-бабының 20-тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар халықтың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.
Бюджет есебінен контрацептивтер төмендегі санаттағы әйелдерге беріледі:
«Мұндай әйелдер контрацептивтерді жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен алады. Бұл жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу және денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерді азайту үшін қажет», – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.
Ерекше назар экстрагениталды аурулары (ЭГА) бар әйелдерге аударылады, мұндай созылмалы патологиялар кезінде жүктілік әйелдің өміріне қауіпті болуы мүмкін.
2024 жылдың қорытындысы бойынша контрацепциямен қамту көрсеткіші:
Салыстырмалы түрде айтқанда, дамыған елдерде бала туу жасындағы әйелдер арасында контрацепцияның қолжетімділік деңгейі 90-95%-дан асады.
2024 жылы контрацептивтерді – жатырішілік спиральдарды, ауыз арқылы қабылданатын препараттарды және презервативтерді сатып алуға 246 миллион теңге бөлінген. Ал 2025 жылы бұл сома 314 миллион теңгеге дейін ұлғайтылмақ.