Қазақ эстрадасының жұлдызы екінші баласын дүниеге әкелді

Автор: Алмас Ерсін

AYREE қызының дүниеге келуін ұзақ күткенін айтты

Фото: instagram.com/ayreeofficial

Белгілі вокалист AYREE екінші баласын дүниеге әкелді. Ол бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі оқырмандарына жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әртіс қызының 1 қарашада дүниеге келгенін айтты. 33 жастағы AYREE Instagram-дағы парақшасында әсерлі сторис салды – төсекте жатқан, анасы мен әкесі қолынан ұстап тұрған нәрестенің иллюстрациясын жариялады.

«Аллаға шүкір. Қош келдің, қызым. Әкең екеуміз сені ұзақ күттік. Ғұмырлы, бақытты бол», - деп жазды әнші.