Бірнеше облыста жел күшейеді
Қазақстанның 14 облысында 2 қараша күні күн райы күрт нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі, ал Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Түнде аймақтың солтүстігі мен орталығында –3°С шамасында аяз болуы ықтимал.
Талдықорғанда түнгі уақытта –3–5°С суық күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында күндіз желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысында түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түсуі мүмкін.
Сонымен қатар, өңірдің оңтүстігі мен батысында және шөлді аудандарында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Алматы облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жолдарда көріну деңгейі төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін.
Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда абай болуды және ауа райы болжамдарын қадағалауды ұсынды.