Дәрігер кофені қай уақытта ішуге болмайтынын айтты

Автор: Алмас Ерсін

Кофені тұрақты түрде тұтыну рецепторлардың сезімталдығын төмендетеді

Фото: istockphoto.com

Ресейлік гастроэнтеролог Ольга Чистик ұйқыны бұзбау үшін кофенің уақытын қадағалау маңызды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маман Lenta.ru сайтына берген сұхбатында кофеиннің ағзада сегіз-он сағат бойы болатынын, сондықтан оны сағат 14:00-15:00-ден кейін ішуге болмайтынын атап өтті.

«Дәрігердің айтуынша кофеинге сезімталдығы жоғары адамдарға одан да ертерек тоқтату ұсынылады. Ол жүктілік, гормоналды контрацептивтерді қабылдау және қартайған кезде метаболизм баяулайтынын және кофеиннің әсері ұзаққа созылуы мүмкін екенін атап өтті», - деп жазды портал.

Сонымен қатар сусынды үнемі тұтыну рецепторлардың сезімталдығын төмендетеді – сергітетін әсер әлсірейді және кофеге тәуелділік күшейеді. Мұны болдырмау үшін Чистик бір-екі күндік «кофе үзілісін» жасауды ұсынды.

Гастроэнтеролог кешкі кофеден бас тарта алмайтындар үшін сусынның кофеинсіз түрін таңдауды ұсынады – бұл ұйқысыздық мазалайтын, асқазан-өңеш рефлюксіне шалдыққан адамдар және жүкті әйелдер үшін қауіпсіз.