Астанада екі көлік соқтығысып, біреуі қарсы бағытқа шығып кетті (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқыс оқиға Қорғалжын тасжолында болды

Фото: Видеодан скрин

Астанада Audi мен Volkswagen маркалы көліктер соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан жеңіл көліктердің бірі қарсы бағытқа шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Instagram желісіндегі Аstana__sergek аккаунтында Астанадағы Қорғалжын тасжолында болған жол апаты туралы видео жарияланды.

«Жолақтан жолаққа жиі және шұғыл ауысып, маневр жасайтын жүргізушілер жол апатын жасады», – деген тақырыппен видео жарияланған.

Аталған жарияланымға қатысты түсініктеме берген елордалық патрульдік полиция былай деп түсініктеме берді:

«Audi көлігінің жүргізушісі Қорғалжын тасжолымен жүріп келе жатып, жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өзімен бір бағытта келе жатқан Volkswagen автокөлігімен соқтығысқан», - делінген ПД түсініктемесінде.