«10 баланы ауыстырып жібердім»: Ақмоншақ Нұртазаның мектебіндегі мұғалімдер шындығын айтты (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Мұғалімдердің айтқан сөзі жұртты таң қалдырды

Фото: Видеодан скрин

Желі жұлдызына айналған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазаның қол астындағы педагогтар бүгінге дейін қандай қателіктерді біліп тұрып жасағанын мойындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Директор желідегі парақшасында қызметкерлерімен «Біз тыңдаймыз, бірақ жұмыстан шығармаймыз» ойынын ойнады. Оның шарты бойынша мұғалімдер қандай қателіктер жасағанын мойындады.

«Мен директордың келісімінсіз 10 баланы мектептен ауыстырып жібергенмін», «Директордан сұранғанмын деп тәрбие ісінің меңгерушісіне өтірік айтқанмын», «Сабаққа кешіккен оқушыны кіргізбей қойып, оны артынан 45 минут бойы өзім іздегенмін», «Мектептің музыкалық аппаратурасын директордың келісімінсіз басқа мектепке беріп жібергенмін», «Қатты шаршағанымнан 9-сыныпқа ұйықтап тұрып, сабақ өткізгенмін», «Мен балалардан жинап алған темекінің бәрін күйеуіме апарып бергенмін», - дейді мұғалімдер.

Мұғалімдердің бұл сөзі жұртты таң қалдырып, олар желіде түрлі пікір қалдырды.

«Сенімдісіңдер ме. Бұл жерде однаразканың барлығын күйеуіне апарып берген мұғалім ғана ұтып тұр ғой», «Соңғы апайдың шындығы өтті», «Соңғы апайдыкі ғана тиімді болыпты», «Аппаратура беріп жібердім, дейма, однаразка вообще», - деп жазды желі қолданушылары.