Биыл турға Түркия, Венгрия, Германия және АҚШ туристері қатысып жатыр
Қазақстанда күзгі туристік маусымның символына айналған Jibek Joly 6.0 туристік пойызы Алматыдан тағы да сапарға аттанды. Биылғы бағыт Республика күніне орайластырылып, Ұлы Жібек жолының тарихи нүктелерін қамтиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туристер 24–30 қазан аралығында келесі бағыт бойынша саяхаттайды:
Жоба «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Қазақстандық туризм индустриясы қауымдастығының қолдауымен жүзеге асуда. Оператор — Khan Turan Travel.
Саяхат жайлы теміржол вагонында жүру, мәдени бағдарлама, ЮНЕСКО мұрасына енген тарихи орындарға бару, Отырар мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне экскурсия, театрландырылған қойылымдар, ұлттық шеберлік сабақтарын қамтиды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл турға Түркия, Ресей, Қырғызстан, Венгрия, Беларусь, Германия және АҚШ туристері қатысып жатыр.
Jibek Joly туры: