Шымкентте отшашудың соңы өртке ұласты

Автор: Дәулет Ботагөз

Өрттің жалпы аумағы 250 шаршы метр болды

Фото: © istockphoto.com

Шымкенттің Нұрсат шағынауданында 25 қазан кешінде отшашу кезінде құрғақ шөпке от тұтанып, өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт қалай басталды?

Төтенше жағдай 23:42-де тіркелген. Оттың шығуына мерекелік отшашудың ұшқындары себеп болғаны айтылады.

Өрттің жалпы аумағы — 250 шаршы метр.

Құтқарушылар дер кезінде жетті

Қалалық ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге 18 өрт сөндіруші, 4 арнайы техника жұмылдырылған.

Өрт 23:50-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.