«Қайрат» – «Астана» матчы: Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл шешім қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған

Фото: polisia.kz

Алматыда 26 қазан күні өтетін «Қайрат» – «Астана» футбол матчы кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қай көшелер жабылады?

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 12:00–18:00 аралығында Сәтпаев көшесі Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін екі бағытта да (шығыс-батыс) жабылады.

Мұндай шектеу орталық стадионда өтетін матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Полиция тұрғындарға үндеу жасады

Құқық қорғау органдары алматылықтарға келесі кеңестерді берді:

  • жолға алдын ала жоспар жасап шығу
  • көлік қозғалысына қойылатын уақытша талаптарды түсіністікпен қабылдау
  • жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау.

«Полиция Алматы тұрғындары мен қонақтарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады», – деді ведомство.