Оған жалпы саны мың шақты адам қатысты
Бүгін Республика күні және Егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Талдықорғандағы «Жастар» саябағында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагелер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, жастар және басқа да түрлі сала қызметкерлері, жалпы саны мың шақты адам қатысты.
Бүгінгі шараға қала тұрғыны Лидия Маринина екі кішкентай ұлын ертіп келген.
«Балаларым әзірге мектеп жасына жеткен жоқ, бірақ осындай кішкентай кезінен бойларына патриоттық сезімді сіңіру керек деп есептеймін. Бүгін сол үшін оларды саябаққа ертіп келдім. Республика күніне арналған салтанатты көріп, көпшілікпен бірге мерекені атап өттік», - дейді ол.
«Жастар» саябағына Мемлекеттік әнұранымызды шырқауға, туымыздың көкке көтерілгенін көруге келдім. Осында келген елжанды жастарды көріп, көңілім қуанды. Еңселі елім бар болғанына, жайқалып өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың бар екеніне риза сезімде болдым», - деді ол.
Еске салсақ, осы күні мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қаласында өткізілді.