Құтқарушылар дер кезінде әрекет етіп, қайғылы оқиғаның алдын алды
Павлодарда үшінші қабаттан секірмек болған әйел аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
25 қазан күні «112» пультіне әйелдің терезеден секірмек болғаны жөнінде хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы пневмоқұтқару жастығын жайды. Бір топ маман төртінші қабатқа көтеріліп, альпинистік құралдар арқылы бір құтқарушы төмен түсіп, әйелді қауіпсіз жерге шығарды.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында әйел аман қалып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Мамандар азаматтарды өз жақындарының психологиялық жағдайына бей-жай қарамауға шақырады: